Мұқаншы ауылдық округінде «Заң және тәртіп» тақырыбында ауыл тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында тұрғындарға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, интернет-алаяқтықтан сақтану және жеке қауіпсіздік мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, тұрғындардың сұрақтарына жауаптар ұсынылды.
Мұқаншы ауылдық округі әкімдігі алдағы уақытта да құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және заң мен тәртіпті нығайтуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жалғастыратын болады



