2026 жылдың басынан бері Абай облысында көші-қон саласындағы бірқатар көрсеткіштер оң динамика көрсетіп отыр. Есепті кезеңде көші-қон есебіне 5 мыңнан астам шетел азаматы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,8 пайызға көп. Сонымен қатар, уақытша тұруға арналған 3 мыңнан астам рұқсат рәсімделіп, өткен жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға артты.
Көрсеткіштердің өсуі өңірдегі еңбек, кәсіпкерлік және іскерлік белсенділіктің сақталып отырғанын көрсетеді. Осыған байланысты көші-қон заңнамасының талаптарын сақтау және шетел азаматтарының ел аумағында болуын заң аясында ұйымдастыру өзекті болып қала береді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қабылдаушы тұлғалар мен жұмыс берушілер шетел азаматтарының елге келгені туралы ішкі істер органдарына белгіленген мерзімде хабарлауы, олардың болу тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуі және еңбек қызметін заң талаптарына сәйкес рәсімдеуі қажет.
Заң талаптарын сақтау еңбек қатынастарының заңды жүргізілуіне, шетел азаматтарының құқықтары мен міндеттерінің сақталуына, сондай-ақ көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.
Абай облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі халық арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Сонымен қатар, көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау мақсатында профилактикалық және рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, заңсыз көші-қонның алдын алу және анықталған құқық бұзушылықтарға заң аясында шаралар қабылдануда.
Көші-қон заңнамасын сақтау – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі. Осы талаптарды орындау құқықтық мәдениетті нығайтуға және көші-қон үдерістерінің заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылуына мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері Абай облысында 5000-нан аса шетел азаматы тіркелді.
Ұқсас материалдар

Хромтау ауданында еңбек озаттары марапатталды
Хромтау ауданы әкімдігіАшу
WORLDSKILLS SHANGHAI 2026: МАҚТАНЫШТЫ НӘТИЖЕ
Хромтау ауданы әкімдігіАшу
БӨГЕТСАЙЛЫҚ КЕЛІНДЕР – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖҮЛДЕГЕРІ
Хромтау ауданы әкімдігіАшу
«ЖАРҚЫН САХНА» ПРЕМИЯСЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА ХРОМТАУЛЫҚ ӨНЕРПАЗ І ОРЫН ИЕЛЕНДІ!
Хромтау ауданы әкімдігіАшу
Зеренда әр елден келген 1500 жүгіру әуесқойын біріктірді
Ақмола облысының әкімдігіАшу
"Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Алты жылға дейін бас бостандығынан айыру: Абай облысында мал ұрлығы бойынша 11 адамға қатысты сот үкімі шықты
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Семейде автотұрақтағы орынға байланысты дау туындап, әйел асфальтқа жазу жазғаны үшін жауапкершілікке тартылды
Абай облысының Полиция департаментіАшу
КҮНДІЗ ДЕ, ТҮНДЕ ДЕ КӨРЕДІ: ПАТРУЛЬДІК КӨЛІКТЕР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Семей қаласының 43 жастағы тұрғыны абаттандыру қағидаларын бұзған.
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Полицияның ақылды көмекшілері: «Сергек» жүйесі Семейде 123 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзуды тіркеді
Абай облысының Полиция департаментіАшу