Атырау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінде азаматтарды жеке қабылдау өткізілді

    Атырау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінде азаматтарды жеке қабылдау өткізілді

    2026 жылдың 4 тамызында Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен, Департтаментте құзырлы органдар өкілдерінің қатысуымен азаматтарды жеке қабылдау өткізу ұйымдастырылды.

    Жеке қабылдауды Департамент басшысының орынбасары К.Иманғалиев, Атырау қаласы прокурорының аға көмекшісі Н.Рзабек, облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Е.Ұзақбай және шақырылған кәсіпорын басшылары жүргізді.

    Қабылдауға Атырау қаласының тұрғандары Р.Рахметов пен Г.Джумабеков келіп, олар өздерін соңғы 2 жылда Ескене аумағында салынып жатқан газ өндеу зауытының құрылыс жұмыстарына «Kazakh Construction Group» ЖШС-де қызмет атқарғандарын, 2026 жылдың сәуір айында кезекті медициналық тексеруден өту барысында жұмысқа жарамсыз деген қорытынды берілуіне байланысты жұмыстан шығарылғандарын. Бұл шешіммен келіспей Келісу комиссиясына, еңбек инспекциясына шағымданғандарын алайда нәтиже бермегенін баяндады.

    Қабылдау барысында мекеме өкілі Б.Есенғожин тындалып, еңбек инспекциясы және прокуратура өкілдері тарапынан бұл мәселені әрі қарай сотқа жүгіну арқылы шешу жолдары түсіндірілді және кәсіподақ өкілі келген азаматтардың мәселесіне көңіл бөліп, сотқа жүгінуге өздері тарапынан заң аясында кеңестер беру арықылы көмектесетінін айтты.

    Жеке қабылдауда болған азаматтар қойылған сұрақтарына толық жауаптарын алып, берілген кеңестерге құлақ асып, өз ризашылықтарын білдірді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" жаңалықтары