
5–13 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының ұйымдастыруымен 56-шы дәстүрлі «Қазақстан оқушысы» көпкүндік веложарысы ұйымдастырылады.
Оған Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарынан 11 команда қатысады.
– Қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жарыс өтетін күндері Өскеменнің көшелері мен жекелеген автомобиль жолдарында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. ШҚО Полиция департаменті жүргізушілерге енгізілетін шектеулерді ескере отырып, өз сапарларын алдын ала жоспарлауды ұсынады, - деді ШҚО Полиция депаратментінің өкілдері.
Веложарыс кезеңдерінің кестесі: 6 тамыз, сағат 10:00-ден бастап — «Шешек – Самсоновка – Новотроицкое – Шешек»; 7 тамыз, сағат 10:00-ден бастап — «Шешек – Бозанбай – Шешек»; 8 тамыз, сағат 10:00-ден бастап — «Шешек – Самсоновка – Новотроицкое – Шешек»; 10 тамыз, сағат 10:00-ден бастап — «Новотроицкое – 12,5-ші шақырымдағы бұрылыс – Новотроицкое»; 11 тамыз, сағат 10:00-ден бастап — «Согра («Азия Авто» тұрағы) – Тарханка – Согра («Азия Авто» тұрағы)»; 12 тамыз, сағат 10:00-ден бастап — «Согра («Валентина» СҮ) – «Азия Авто» тұрағы – Тарханка – Согра («Валентина» СҮ)».
13 тамыз: сағат 10:00-ден бастап — Әл-Фараби даңғылы бойымен өтетін айналмалы жарыс; сағат 12:00-ден бастап — Жарыстың салтанатты жабылу рәсімі.
– Облыс тұрғындары мен қонақтарынан уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, полицейлердің талаптары мен жол белгілерін қатаң сақтауды, жарыс өтетін орындарда аса мұқият болуды сұраймыз. Баршаңызға қауіпсіз жол тілейміз! - делінген ШҚО ПД ақпаратында.
Фотосурет: Internet









