Сандықтау ауданында бұршақ тұқымдас дақылдарды жинау науқаны басталды

    Сандықтау ауданында бұршақ тұқымдас дақылдарды жинау науқаны басталды

    Жұмыс сапары аясында Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай «Жабай» ЖШС, «Сандықтау-Агро» ЖШС және «Каменка и Д» ЖШС-не барып, егін жинау жұмыстарының барысымен танысып, ауыл шаруашылығы дақылдарының жай-күйін бағалады.
    Егіс алқаптарын аралау барысында бидай, арпа, рапс, күнбағыс және жасымық егістіктері қаралды. Шаруашылық басшылары мен агрономдар егін орағы науқанының барысы, егістіктің жағдайы, өнімділігі және ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы туралы баяндады.
    Уақытылы жүргізілген агротехникалық іс-шаралардың нәтижесінде алқаптарда мол өнім қалыптасқаны атап өтілді.
    Аудан әкімі егін жинау науқанын оңтайлы мерзімде өткізудің маңыздылығын атап өтіп, ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне қолайлы ауа райын, жоғары еңбек өнімділігін және науқанды табысты аяқтауды тіледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сандықтау ауданының әкімдігі" жаңалықтары