«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Жолда қабылдау» профилактикалық акциясы өткізілді

    ·
    «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Жолда қабылдау» профилактикалық акциясы өткізілді

    Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Байғанин ауданында «Жолда қабылдау» профилактикалық акциясы ұйымдастырылды.

    Іс-шара республикалық маңызы бар автожол бойында өтіп, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізушілермен және жолаушылармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап беріп, құқықтық кеңестер берді. Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін сақтау, әкімшілік заңнама талаптары және жолдағы қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Акция барысында жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтау, қауіпсіздік белдігін пайдалану, қарсы бағытқа шықпау, көлік құралын мас күйінде басқармау, ұялы телефонды пайдаланбау және алыс жолға шығар алдында көліктің техникалық жарамдылығын тексерудің маңыздылығы түсіндірілді. Сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылар өзара сыйластық танытып, заң талаптарын сақтаудың адам өмірі мен денсаулығын қорғаудағы рөлі ерекше екені айтылды.

    Мұндай профилактикалық шаралардың басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларын

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары