БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ!

    БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ!

    Ағымдағы жылдың 29 қыркүйек айында Байғанин ауданында Еңбек күніне орай, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға және еңбек нарығындағы мүмкіндіктермен таныстыруға бағытталған «Еңбек. Қоғам. Бірлік» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

    Аталған шараға Байғанин ауданы әкімінің орынбасары Адаев Нұржан Адайұлы қатысып, жәрмеңкенің өту барысымен танысты.

    🤝 Жәрмеңке барысында жұмыс іздеуші азаматтарға аудан аумағындағы бос жұмыс орындары ұсынылып, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік берілді.

    📊 Шараға 295 жұмыссыз азамат қатысты. Ауданымыздың 50-ге жуық мекемелері мен кәсіпкерлері 245 өзекті бос жұмыс орнын ұсынды.

    Жәрмеңке жұмыс іздеушілерге жаңа мүмкіндіктер ұсынып, жұмыссыз азаматтардың еңбек нарығына белсенді араласуына және тұрақты жұмысқа орналасуына қолдау көрсетті.

    ✨ Жұмыс іздесеңіз – мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Байғанин ауданының әкімдігі" жаңалықтары