КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    24 қыркүйек күні аудан әкімі Айбек Купенов пен аудан прокуроры Ерлан Бахытовтың қатысуымен аудан кәсіпкерлерінің мәселелеріне арналған бірлескен жеке қабылдау өтті.

    🔹Кездесудің негізгі мақсаты – кәсіпкерлік қызмет барысында туындайтын өзекті мәселелерді қарастыру, бизнес өкілдерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді шешу жолдарын айқындау.

    🔹Ашық диалог форматында өткен қабылдауда кәсіпкерлер әкімшілік және заңнамалық сипаттағы мәселелерді көтеріп, оларды шешуге қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді. Сонымен қатар аудан экономикасын дамытуға бағытталған жаңа кәсіпкерлік жобалар таныстырылды.

    🔹Қабылдау қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді заң аясында шешу, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және орын алған кедергілерді жою бағытында жауапты мемлекеттік органдар мен бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

    🔹Шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлікке қолайлы жағдай қалыптастыру бағытындағы жергілікті атқарушы және қадағалаушы органдардың бірлескен жұмысы алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Байғанин ауданының әкімдігі" жаңалықтары