
24 қыркүйек күні аудан әкімі Айбек Купенов аудан тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, өзекті мәселелерін шешу мақсатында кезекті жеке қабылдау өткізді.
🔹Қабылдауға барлығы 19 тұрғын қатысып, үш сағатқа созылған ашық диалог барысында тұрғындарды алаңдатқан бірқатар мәселелер көтерілді.
🔹Атап айтқанда:
🏠 тұрғын үймен қамтамасыз ету және баспана кезегі;
💼 тұрақты жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту шаралары;
🚨 төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою мәселелері.
🔹Аудан әкімі әр азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама талаптары мен шешу жолдарын түсіндірді.
🔹Қабылдау қорытындысы бойынша жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалу мерзімдері белгіленді.
🔹Тұрғындардың өтініштері тиісті тәртіппен қаралып, олардың орындалуы аудан әкімінің бақылауына алынды.









