
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қарауылкелді ауылында ардагерлерге арналған тағылымды мерекелік шара өтті.
🔹Мерекелік басқосуға аудан әкімі Айбек Купенов, ауылдың ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелері және ардагерлер қатысты.
🔹Шара барысында аудан әкімі аға буын өкілдерін мерекемен құттықтап, олардың елдің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі мен кейінгі ұрпаққа қалдырған өнегесінің маңызын атап өтті.
🔹«Қариясы бар елдің – қазынасы бар» дегендей, ауданның дамуына өз еңбегімен үлес қосқан ардагерлердің өмір жолы – кейінгі буынға үлгі. Олардың ақыл-кеңесі мен батасы ел бірлігін нығайтып, ұрпақ сабақтастығын жалғастыруға жол ашады.
🔹Салтанатты шарада облыстық және аудандық ардагерлер кеңесі төрағаларының атынан бірқатар ардагерге марапаттар табысталып, олардың еңбегі мен елге сіңірген қызметі атап өтілді.
🔹Кеш барысында үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – халқымыздың басты құндылықтарының бірі екені айтылып, ардагерлерге жылы лебіздер мен ақ тілектер арналды.
🔹Ардақты қарияларымызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық, бақ-береке тілейміз!








