
Халықаралық қарттар күніне орай Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай аға буын өкілдерінің үйлеріне барып, арнайы құттықтады.
Аудан әкімі қарт тұрғындардың шаңырақтарына барып, олармен әңгімелесіп, мерекемен құттықтады. Кездесу барысында ақсақалдар мен қарттар өздерінің еңбек жолы, өмір жолы және жүріп өткен жылдары туралы жылы естеліктерімен бөлісті.
Аудан әкімі аға буын өкілдеріне көп жылғы еңбегі мен ауданның дамуына қосқан үлесі үшін шынайы ризашылығын білдіріп, зор денсаулық, отбасылық амандық, жан жылуы мен бақыт тіледі.







