Александр Закусилов «Ақмола облысының Құрметті азаматы» атағына ие болды

    Көкшетау қаласында Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

    Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов аграрлық сала өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың адал еңбектері, өз ісіне деген берілгендігі және өңір экономикасының дамуына қосқан елеулі үлестері үшін алғыс білдірді. Сала бойынша 200-ден астам өкіл мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Сонымен қатар он қызметкерге автокөліктер мен пәтерлердің кілттері табысталды.

    Салтанатты рәсімнің ерекше сәттерінің бірі – «Максимовское» ЖШС басшысы Александр Закусиловқа «Ақмола облысының Құрметті азаматы» атағының берілуі болды.

    Бұл жоғары марапат – оның көпжылдық адал еңбегінің, кәсіби шеберлігінің және өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесінің лайықты бағасы.

    Александр Закусиловты лайықты марапатымен құттықтаймыз! Сізге мықты денсаулық, амандық, сарқылмас күш-қуат, жаңа жетістіктер мен туған өлкенің игілігі жолындағы еңбегіне толағай табыстар тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Сандықтау ауданының әкімдігі" жаңалықтары