2025 жылы 9–11 сәуірде Маңғыстау облысы делегациясының Түркістан облысына тағылымдамалық іс-сапары

    ·
    2025 жылы 9–11 сәуірде Маңғыстау облысы делегациясының Түркістан облысына тағылымдамалық іс-сапары

    2025 жылдың 9-11 сәуір аралығында Маңғыстау облысынан арнайы жасақталған делегация Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, ауыл әкімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында тағылымдамадан өтті.

    Бұл іс-сапардың негізгі мақсаты – Түркістан өңірінің ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, сондай-ақ туризм салаларындағы озық тәжірибелерімен тереңірек танысып, сол бағыттар бойынша тиімді идеялар мен жұмыс тәсілдерін меңгеру.

    Тағылымдама барысында делегация мүшелері Түркістан облысының түрлі ауылдық округтеріне барып, жергілікті әкімдермен және сала мамандарымен кездесіп, тәжірибе алмасты.

    Сонымен қатар, оларға аймақтың аграрлық жобалары, суармалы егіншілік, балық өсіру технологиялары және туристік әлеуетті дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен таныстырылды.

    Бұл тағылымдама ауылдық деңгейдегі басқару сапасын арттырып, аймақаралық ынтымақтастықты нығайтуға өзіндік үлесін қосты.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары