1-ші AOSI Батыс Азия жүзу чемпионаты 📍 Астана, Қазақстан 🗓 1–2 тамыз, 2026 жыл

    ·
    1-ші AOSI Батыс Азия жүзу чемпионаты 📍 Астана, Қазақстан 🗓 1–2 тамыз, 2026 жыл

    Екі күнге созылған халықаралық дода өз мәресіне жетті. Batys KZ командасының спортшылары жоғары дайындықтарын көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болды.

    Жарысқа Батыс Азияның 8 елінен – Малайзия, Тайланд, Қырғызстан, Түрікменстан, Иран, Ресей, Үндістан және Қазақстаннан 500 спортшы қатысты.

    ✨ Жарыс қорытындысы:

    🥇 Дүйсенбин Бауыржан
    • 100 м еркін жүзу – 🥇
    • 200 м еркін жүзу – 🥇
    • 4×100 м аралас (mix) еркін стильдегі эстафета – 🥉
    🏆 11–12 жас санатындағы “Үздік спортшы” атағының иегері!

    🥇 Марат Алдияр
    • 100 м брасс – 🥇
    • 200 м брасс – 🥇
    • 4×100 м аралас (mix) құрама эстафета – 🥉

    🥈🥉 Қуандықова Айзере
    • 50 м баттерфляй – 🥈
    • 50 м брасс – 🥉

    🏆 Командалық есепте Batys KZ командасы ІІІ орынға ие болды!

    Бұл жетістіктер – спортшылардың табанды еңбегі, күнделікті жаттығуы мен жеңіске деген жігерінің нәтижесі. Сонымен қатар, әрбір медальдың артында бапкерлердің кәсіби еңбегі мен ата-аналардың қолдауы жатыр.

    Жаңа белестерді бағындырып, халықаралық ареналарда Қазақстанның көк туын биікте желбірете берулеріңізге тілектеспіз! 🇰🇿

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары