
Алакөлде алғаш рет талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылып, 150-ден астам демалыс орны жоғары жылдамдықты интернетке қосылды.
Абай облысында цифрлық инфрақұрылымды дамытуға, жасанды интеллект технологияларын енгізуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.
Ерекше назар Алакөл көлінің туристік аймағына аударылуда. Биыл алғаш рет көл жағалауына талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылып, соның нәтижесінде 150-ден астам демалыс орны жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізді. Сонымен қатар, байланыс операторларының қосымша базалық станциялары орнатылып, жаңа байланыс нысандарының құрылысы жалғасуда.




