Жаркент қаласында полицейлер ерекше ұрлық дерегін ашты. Бұл жолы күдіктінің басты «олжасы» ақша немесе қымбат техника емес, «Рахат Қазақстан» шоколады болған.
Полицияға қаладағы сауда орталықтарының бірінің өкілі жүгініп, дүкеннен «Рахат Қазақстан» маркалы шоколадтардың жүйелі түрде жоғалып жатқанын хабарлаған. Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеу барысында қауіпсіздік қызметі бір ер адамның бірнеше апта бойы дүкенге тұрақты келіп, шоколадтарды сөмкесі мен қалталарына жасырып, төлем жасамай шығып кететінін анықтаған.
Тексеру барысында күдіктінің бірдей тәсілмен әрекет еткені белгілі болды. Ол дүкенге кіріп, айналасындағылардың назарын бақылай отырып, шоколадтарды жеке заттарына салып, кассадан төлем жасамай шығып кеткен. Арада бірнеше минут өткен соң қайта оралып, осы әрекетін қайталаған. Кей күндері осындай «рейдті» бес-алты рет жасаған.
Полиция мәліметінше, бір ай ішінде сауда орталығынан барлығы 625 дана шоколад ұрланған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 530 мың теңгеден асты.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Панфилов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Жаркент қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сондай-ақ күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Жаркентте ер адам бір ай ішінде дүкеннен 600-ден астам шоколад ұрлаған
Ұқсас материалдар

Бокстағы триумф, семсерлесу, академиялық есу мен таеквондодағы тарихи жүлделер, жалпы есепте +3 орын - Қазақстан Азиаданы қалай аяқтады?
ҚР ТСМАшу
«Дала дәмі»: Астанада Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
Ашу
«Дала дәмі»: Астанада Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
Хромтау ауданы әкімдігіАшу
Ақтөбе облысында жаңбыр, қар және қатты жел күтіледі
Хромтау ауданы әкімдігіАшу
Қарттар күніне орай облыс әкімі Асхат Шахаров еңбек ардагерлерінің шаңырағына барып, мерекемен құттықтады.
Хромтау ауданы әкімдігіАшу
"Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Хабарландыру жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы
Жетісу облысының Полиция департаментіАшу
Өмірдегі қауіпсіздік: полицейлер студенттермен тәжірибе бөлісті
Жетісу облысының Полиция департаментіАшу
Жетісу полициясы қараусыз малдың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларын күшейтті
Жетісу облысының Полиция департаментіАшу
Қарттар күні: қамқорлық – алғыстың белгісі
Жетісу облысының Полиция департаментіАшу
Полиция камералары құқық бұзушылықтарды нақты уақыт режимінде тіркейді
Жетісу облысының Полиция департаментіАшу