Облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті

    Облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті

    2026 жылғы 31 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Т. Қасымжановтың төрағалық етуімен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті.

    Комиссия отырысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы Б. Қизатовтың Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕШЕБЖ) деректері мен міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) түсімдері арасындағы анықталған сәйкессіздіктер, жалақы бойынша берешек, сондай-ақ қызметкерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері туралы ақпараты тыңдалды.

    Аталған мәселелер бойынша облыстың қала және аудан әкімдеріне, сондай-ақ облыстық басқармалар басшыларына хаттамалық тапсырмалар берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары