Ақмола облысының үшжақты комиссиясының отырысында ұжымдық шарттарды мониторингтеу және цифрландыру мәселелері қаралды

    2026 жылдың 31 шілдесі Ақмола облысы әкімдігінде облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының орынбасары У.Б. Бейсембаев ұжымдық шарттарға жүргізіліп жатқан мониторинг және оларды цифрландыру жұмыстарының барысы туралы баяндама жасады. Талқылау қорытындысы бойынша ұжымдық шарттарды жасасу және оларды Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕБЖ) тіркеу жұмыстарын одан әрі жандандырудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар еңбек қатынастарын реттеу тетіктерін жетілдіруге, ұжымдық шарттармен қамтуды кеңейтуге, олардың электрондық есепке алу жүйесіндегі үлесін арттыруға және өңірдегі әлеуметтік әріптестікті нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті" жаңалықтары