Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен танысу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына келді.
Кездесу тәжірибе алмасу форматында өтті. Тараптар көші-қон қызметтерін цифрландырудың заманауи тәсілдерін, жеке тұлғаны сәйкестендіру мәселелерін және мемлекеттік сервистерді дамыту бағыттарын талқылады. Сондай-ақ қонақтарға бүгінде Қазақстанда қолданылып жүрген цифрлық шешімдер таныстырылды.
Сапар барысында делегация мүшелеріне паспорттар мен жеке куәліктерді рәсімдеу үдерісі – өтініш беруден және деректерді тексеруден бастап дайын құжатты алғанға дейінгі барлық кезеңдер көрсетілді.
Сонымен қатар делегация мүшелері жеке куәлік немесе паспорт алуға өтінімді өз бетінше беруге мүмкіндік беретін құжаттандыру терминалының жұмысымен танысты. Қатысушыларға оның жұмыс істеу тәртібі мен дербес деректерді тексеруде қолданылатын технологиялар туралы ақпарат берілді.
«Мемлекеттік қызметтерді жетілдірудегі маңызды бағыттардың бірі – халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға, кәсіби әріптестікті нығайтуға және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған тиімді шешімдерді енгізуге ықпал етеді. Бұған дейін Корея Республикасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Бұл құжат бірлескен жобаларды іске асыруға және өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бүгінгі кездесу халықаралық серіктестікті нығайтуға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіруге тағы бір маңызды қадам болады деп сенемін», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасы Арман Кенжегалиев.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар халықаралық тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамыту бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды
Ұқсас материалдар

«Жеке менеджер» қызметі
Алакөл ауданының әкімдігіАшу
Алдын ала дайындық – су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіздіктің негізі
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департамент басшысы – Абай облысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік қорғау Бас инспекторы А.Ерембаева және Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы - мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторы Қ.Байдаирова 2026 жылғы 22 қыркүйектен бастап 23 қыркүйек аралығында «Абай облысы Бородулиха ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың екінші жартыжылдығына бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу тізіміне сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде "Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің" талаптарын сақталуы бойынша мекеме қызметіне профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізді.
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІАшу
Екібастұздық педагог Қазақстан мектептеріне арналған оқулықтың авторларының бірі атанды
"Павлодар облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіАшу
«Таза ауыл – ортақ міндет, ортақ жауапкершілік»
Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшоқы ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
"Ақжар ауданының әкімдігі" жаңалықтары

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ
Ақжар ауданының әкімдігіАшу
Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің жаңа бастығына ұсыну
Ақжар ауданының әкімдігіАшу
Аким района посетил районную больницу
Ақжар ауданының әкімдігіАшу
Дүниежүзілік тазалық күні -World Cleanup Day күні
Ақжар ауданының әкімдігіАшу
Аудан әкімі № 1 Ленинград мектебінде болды
Ақжар ауданының әкімдігіАшу