Аудан әкімі № 1 Ленинград мектебінде болды

    Аудан әкімі № 1 Ленинград мектебінде болды

    Аудан әкімі Нұрлан Зарапұлы Тельтаев өткен жылы «Реновация» мемлекеттік бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жүргізілген № 1 Ленинград орта мектебінде болды.

    Мектепте оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу үшін заманауи және жайлы жағдайлар жасалған. Мектеп жиһазы, асхана жабдықтары мен спорттық мүкәммал жаңартылды. STEAM-зертхана мен заманауи физика кабинеттері пайдалануға берілді, бұл оқушылардың жаратылыстану-ғылыми және техникалық пәндерге қызығушылығын дамыту және практикалық оқыту мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

    Оқу кабинеттерінің жағдайымен, материалдық-техникалық базамен және білім беру процесін ұйымдастырумен танысты.

    Қолайлы, қауіпсіз және қазіргі заманғы білім беру ортасын құру - білім беру сапасын арттырудың және өскелең ұрпақты жан-жақты дамытудың маңызды құрамдас бөлігі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақжар ауданының әкімдігі" жаңалықтары