
АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ
2026 жылғы 29 қыркүйекте Ақжар ауданының әкімі Нұрлан Зарапұлы Тельтаевтың тұрғындарды жеке қабылдауы өтті.
Қабылдауға ауданның 6 тұрғыны қатысып, жол, сумен жабдықтау және жылыту мәселелері бойынша өз өтініштері мен ұсыныстарын білдірді.
Қабылдау барысында аудан әкімі тұрғындардың мәселелерін мұқият тыңдап, көтерілген әрбір мәселе бойынша жауапты бөлімдер мен тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берді.
Тұрғындардың өтініштері бақылауға алынып, мәселелерді қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Азаматтардың өтініштерін қарау және көтерілген мәселелерді шешу жұмыстары аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында.









