
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақшоқы ауылдық округінің мекеме қызметкерлері дәстүрлі «Таза бейсенбілік» жұмыстарын ұйымдастырып, ауыл аумағын абаттандыру және тазалықты сақтау бағытында бірқатар жұмыстар атқарды. Іс-шара барысында көшелер мен қоғамдық аумақтар қоқыстан тазартылып, айнала көркейтіліп, ауылдың санитарлық тазалығына ерекше көңіл бөлінді. Мұндай игі бастамалар қоршаған ортаны таза ұстаумен қатар, тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, тазалық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Тазалық – бір күндік жұмыс емес, әр адамның күнделікті өмір салтына айналуы тиіс ортақ міндет. Туған жердің көркеюі мен ауылдың ажарлануы – баршамыздың ортақ еңбегіміздің нәтижесі. «Таза Қазақстан» – табиғатты қорғау ғана емес, туған жерге деген құрметті, елге деген жанашырлықты және ортақ жауапкершілікті дәріптейтін маңызды бастама. Ауылымыздың таза, көрікті әрі жайлы болуы – өз қолымызда!









