Жылу маусымына дайындық – қауіпсіздіктің басты кепілі.

    Жылу маусымына дайындық – қауіпсіздіктің басты кепілі.

    Ақшоқы ауылдық округінде алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Осы бағытта ауылдық округ әкімі Жолдыбеков Жанабек Женісұлы және бас маман Қасимов Сержан Құсаиынұлы мекемелердегі жылу жүйелері мен от қазандықтарының дайындығын толық тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында қазандықтардың техникалық жағдайы, жылыту жүйелерінің жарамдылығы, қауіпсіздік талаптарының сақталуы және жылу маусымын тұрақты өткізуге қажетті дайындық деңгейі назарға алынды. Мұндай жұмыстардың басты мақсаты – қыс мезгілінде мекемелерді үздіксіз жылумен қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және қызметкерлер мен тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау. Жылу маусымына алдын ала әрі жауапкершілікпен дайындалу – қауіпсіздік пен тұрақтылықтың маңызды кепілі. Әрбір қазандықтың талапқа сай жұмыс істеуі, ақаулардың дер кезінде анықталып, тиісті шаралардың қабылдануы ерекше маңызға ие. Қауіпсіздікке бейжай қарамай, қысқы кезеңге сапалы дайындық жүргізу – ортақ жауапкершілік. Ақшоқы ауылдық округінде бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшоқы ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары