«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеуге өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды

    «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ 2026 жылғы 3 тамызда сағат 08.30-дан бастап 2026 жылғы 3 қыркүйектегі сағат 17.30-ға дейін веб-портал https://export.gov.kz/qaztrade арқылы өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге өтінімдер қабылдау басталатыны туралы хабарлайды.

    Веб-портал арқылы сағат 17.30-дан кейін және демалыс күндері келіп түскен өтінімдер кезектілік тәртібімен келесі жұмыс күні тіркелетін болады.

    Анықтама телефондары:

    8 (7172) 76-85-11 (ішкі 106, 302, 341, 292)

    8 (7172) 76-85-88 (ішкі 327, 301, 326)

    8 (7172) 76-85-91 (ішкі 101, 340)

    8 (7172) 76-85-25 (ішкі 322)

    Өтініш беру кезінде туындайтын техникалық мәселелерді шешуге арналған телефон:

    8 (7172) 76-88-27 (вн. 112)

    Шығындардың бір бөлігін өтеуді алу тәртібі туралы толық ақпарат Қағидалармен реттелген ( https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200028994), веб-порталда ( https://export.gov.kz/) және сайтта ( https://qaztrade.org.kz/) орналастырылған, өңдеу өнеркәсібінің қазақстандық шығарылған тауарлары мен қызметтерінің, сондай-ақ цифрлық қызметтердің тізбелері Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 10 шілдедегі №219-НҚ бұйрығымен бекітілген ( https://adilet.zan.kz/rus/docs/G26TI000219).

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі" жаңалықтары