Wyndham Garden Astana халықаралық World Travel Awards 2026 марапатын иеленді

    27 қыркүйекте Мальдив аралдарында World Travel Awards 2026 халықаралық марапатын табыстау рәсімі өтті. Шара қорытындысы бойынша Wyndham Garden Astana қонақүйі Kazakhstan’s Leading Business Hotel санатында үздік деп танылды.

    2026 жылы бұл санатта еліміздің сегіз қонақүйі бақ сынасты. Олардың қатарында халықаралық брендтер мен бес жұлдызды нысандар бар. Номинанттарды World Travel Awards сарапшылары сұрыптаудан өткізді, ал жеңімпаз туризм саласының мамандары мен саяхатшылардың ашық дауыс беруі арқылы анықталды.

    «Бұл — біз үшін өте маңызды марапат. Kazakhstan’s Leading Business Hotel 2026 атағы қонақүйдің Қазақстанның қонақжайлылық нарығындағы жоғары орнын дәлелдейді және заманауи іскерлік қызмет көрсету стандарттарына сай екенін көрсетеді.

    Бұл марапат — ұжымның кәсібилігі мен еңбегінің, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі сервиске ұмтылысымыздың нәтижесі. Біз бұл жетістікті мақтан тұтамыз. Біз үшін іскер саяхатшылардың сенімін ақтап, қызмет көрсету мәдениетін үздіксіз дамыту маңызды», – деді Wyndham Garden Astana қонақүйінің бас менеджері Нұрбану Жолжанова.

    186 бөлмелі қонақүй елорданың іскерлік орталығында — халықаралық әуежайға, «Астана» халықаралық қаржы орталығына, Alem.Ai халықаралық жасанды интеллект орталығына және негізгі спорт пен көрме алаңдарына жақын орналасқан. 2026 жыл бұл нысан үшін табысты болды: отель World Travel Awards-тан бөлек, Rising Star және International Travel Awards марапаттарына ие болды.

    Отандық қонақүйлердің халықаралық деңгейде бағалануы елдегі қызмет көрсету деңгейін көрсетеді және Қазақстанның әлемдік туризмдегі орнын нығайтуға ықпал етеді. Өз кезегінде мұндай жетістіктер еліміздің шетелдік іскер саяхатшылар үшін тартымдылығын арттырады.

    Анықтама:
    - Wyndham Garden Astana — әлемдегі ең ірі қонақүй желілерінің бірі Wyndham Hotels & Resorts құрамына кіреді. Желі 100-ден астам елде 25 брендпен 8 400-ге жуық қонақүйді біріктіреді.
    - World Travel Awards — 1993 жылдан бері табысталып келе жатқан туризм мен қонақжайлылық саласындағы беделді халықаралық марапат. Бұл марапат туризм индустриясында «Оскар» баламасы ретінде белгілі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті" жаңалықтары