
Өңірді 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындау жөніндегі инженерлік жұмыстар жоспары аясында елді мекендерді, инфрақұрылым нысандары мен автомобиль жолдарын су басу қаупін азайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта Қайрақты су қоймасында гидромелиоративтік құрылысты салу, Шоптыкөл бөгетін нығайту, сондай-ақ Қалқұтан өзенінің арнасын түзету және түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде.
Автомобиль жолдары арқылы тасқын сулардың қауіпсіз өткізілуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерінде су өткізу құбырларын жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Әлеуетті қауіпті учаскелерге, гидротехникалық құрылыстардың, су бұру арналарының жай-күйіне, қорғаныш бөгеттерін нығайтуға және басқа да инженерлік нысандарға ерекше назар аударылуда.
Жұмыстар алдыңғы жылдардағы су тасқыны жағдайы мен анықталған проблемалық учаскелерді ескере отырып, алдын ала жүргізілуде.
Инженерлік іс-шараларды іске асыру жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауда.









