Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Шымкент қаласының психикалық денсаулық орталығына барып, мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізді.

    Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Шымкент қаласының психикалық денсаулық орталығына барып, мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізді.

    2026 жылғы 28 шілдеде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Шымкент қаласының психикалық денсаулық орталығына барып, мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында Ұлттық алдын алу тетігінің негізгі міндеттері мен қызметінің маңыздылығы жан-жақты түсіндіріліп, азаптаудың және қатыгез, адамдық қадір-қасиетті қорлайтын іс-әрекеттердің алдын алудағы рөлі туралы баяндалды.

    Сонымен қатар, «Жаңа Конституция» тақырыбында баяндама жасалып, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың негізгі қағидаттары, заң үстемдігі, азаматтардың құқықтық кепілдіктері және конституциялық реформалардың қоғам өміріндегі маңызы кеңінен түсіндірілді.

    Кездесу барысында қызметкелрер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық тақырыптар бойынша жан-жақты пікір алмасты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі" жаңалықтары