
2026 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысына қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуы және қызметтік әдеп мәселелері қаралды.
Бірінші мәселе – мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша атқарған жұмыстарының қорытындылары;
Екінші мәселе – қызметтік әдептің сақталуына мониторинг және бақылау жүргізу барысында әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің нәтижелері;
Үшінші мәселе – Әдеп кодексінің бұзылуына байланысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарияланған жағымсыз материалдарға жүргізілген талдау қорытындылары.
Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, заң талаптарын орындау және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.









