Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласындағы өкілі жанындағы Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.

    Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласындағы өкілі жанындағы Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.

    2026 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласындағы өкілі жанындағы Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.

    Отырыс барысында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің 2026 жылдың 8 айында атқарған жұмыстарының қорытындылары сараланып, азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.

    Атап айтқанда, азаматтардың өтініштері мен шағымдарында көтерілетін қайталанатын мәселелерді жүйелеу, адам құқықтарын қорғау саласындағы проблемаларды анықтау және оларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу мәселелеріне назар аударылды.

    Сонымен қатар, Ұлттық алдын алу тетігі аясында атқарылған жұмыстар мен оның адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызы сөз болды. Алдын алу сипатындағы мониторингтер барысында көтерілетін өзекті мәселелер, азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағыттары жайлы айтылды.

    Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – «Бостандыққа дайын – болашаққа сеніммен» жобасын іске асыру. Жоба аясында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарды бостандыққа дайындау, олардың еркіндікке шыққаннан кейінгі өмірге бейімделуіне әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету мәселелері бойынша баяндама оқылды.

    Сондай-ақ «Еркіндік рухы» жастар комиссиясының мүшелерімен алдағы уақытта атқарылатын бірлескен жұмыстардың бағыттары айқындалды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі" жаңалықтары