Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі (бұдан әрі – Өкіл) Н. Абдезов және Сараптамалық кеңес мүшесі мен ДУИС өкілі қатысып ҚР ІІМ ҚАЖК №78 мекемесінде мекеме басшылығымен бірлесе соталған әйел азаматтарды жеке қабылдау жұмыстарын жүргізді.

    Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі (бұдан әрі – Өкіл) Н. Абдезов және Сараптамалық кеңес мүшесі мен ДУИС өкілі қатысып ҚР ІІМ ҚАЖК №78 мекемесінде мекеме басшылығымен бірлесе соталған әйел азаматтарды жеке қабылдау жұмыстарын жүргізді.

    2026 жылғы 16 шілде күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі (бұдан әрі – Өкіл) Н. Абдезов және Сараптамалық кеңес мүшесі мен ДУИС өкілі қатысып ҚР ІІМ ҚАЖК №78 мекемесінде мекеме басшылығымен бірлесе соталған әйел азаматтарды жеке қабылдау жұмыстарын жүргізді.

    Жеке қабылдау барысында жазасын өтеп жатқан сотталған әйелдердің өтініштері мен арыз-шағымдары тыңдалып, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты мәселелер жан-жақты қаралды. Әрбір көтерілген мәселе бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құқықтық түсіндірмелер беріліп, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 13-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін заңда көзделген тәсілдер мен құқықтық қорғау құралдарын пайдалану тәртібі түсіндірілді.

    Сонымен қатар, сотталған әйел азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, медициналық көмек көрсету, жазаны өтеу жағдайлары және өзге де құқықтық сипаттағы мәселелері бойынша қойылған сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді. Қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі мен құқықтық рәсімдер жөнінде кеңестер ұсынылды

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі" жаңалықтары