Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалар қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

    Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалар қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

    Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Қордай аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларымен кездесу өтті.

    Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бөлім басшысы Данияр Файзуллаұлы Ебелекбаев пен Жамбыл облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Дәурен Орайұлы Бағжанов, Қордай аудандық білім бөлімінің басшысы Ғалым Бекмұрзаұлы Алимжанов қатысты.

    Жиын барысында мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, ұйымдардың қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауына, техникалық қауіпсіздік талаптарының орындалуына, мекемелердегі арнайы жабдықтардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне ерекше назар аударылды.

    Кездесу барысында педагогтердің қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына» сәйкес жүзеге асырылуы қажеттігі атап өтілді.

    Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі №ҚР ДСМ-59 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» қағидаларын қатаң сақтау міндеті баса айтылды.

    Жиын қорытындысында мектепке дейінгі ұйымдар басшыларына балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қолданыстағы заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтау және профилактикалық жұмыстарды күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" жаңалықтары