Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы

    Басқарма туралы
    «Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» КММ

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ереже

    «Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

    «Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1-тарау. Жалпы ережелер «Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және Жамбыл облысының аумағында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады. Басқарманың ведомстволары жоқ. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері мен өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. Басқарма азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Басқарма, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 080012, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Әулиеата ауданы, Қарахан көшесі, № 1. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады. Басқарманың кәсіпкерлік субъектілерімен өзінің өкілеттіктеріне кіретін міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, онда алынған кірістер, онда Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе мемлекеттік бюджетке жіберіледі. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері 13. Мақсаттары: бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, оларды кемсітуге жол бермеу; кәмелетке толмаған тұлғаларға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық бойынша мемлекеттік функцияны іске асыру; балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін нығайту, сондай-ақ бұзылған жағдайда олардың құқықтарын қалпына келтіру; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер. 14. Өкілеттіктері: 1) құқықтары: 1.1. егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы ретінде әрекет ету; 1.2. мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты сұрату; 1.3. өз құзыреті шегінде консультативтік - кеңесші және сараптамалық комиссиялар құру; 1.4. балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына бақылау мен мониторинг жүргізу мақсатында (меншік нысанына қарамастан), кәмелетке толмағандарға білім беру, емдеу, тәрбиелеу және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт жүйелерінің мемлекеттік органдары мен ұйымдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кедергісіз баруды (кіруді) жүзеге асыру; 1.5. өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де іс - шаралар өткізу; 1.6. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану жөнінде түсініктеме және түсіндірме беру; 1.7. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен, сондай - ақ тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен актілері негізінде олармен келісім бойынша басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау; 1.8. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында уәкілетті органдарға жүгіну; 1.9. Басқарманың құзыретіне жатқызылған қызмет саласындағы халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу; 1.10. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап қою; 1.11. қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен өкілеттіктерді жүзеге асыру. 2) міндеттері: 2.1. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау; 2.2. бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша барлық мекемелермен, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; 2.3. заңды және негізделген шешімдер қабылдау; 2.4. қабылданған шешімдердің орындалуына бақылауды қамтамасыз ету; 2.5. жеке және заңды тұлғалардың Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өтініштерін, арыздары мен шағымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау; 2.6. өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу; 2.7. отбасы және балалар саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен оларды көрсету тәртібі туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету; 2.8. отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органдарға тиісті ақпарат пен есептілікті ұсыну; 2.9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру. Функциялары: 1) балалардың құқықтарын қорғау саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ балалар өмір сапасын қамтамасыз ететін құқықтық және әлеуметтік кепілдіктердің сақталуын қамтамасыз ету; 2) балалардың құқықтарын қамтамасыз етуге, олардың құқықтарының бұзылуының алдын алуға және ерте анықтауға бағытталған шаралардың іске асырылуын үйлестіру мен мониторингін жүзеге асыру, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қабылдау; 3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитеті айқындаған тірбие, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет және спорт, әлеуметтік қызмет көрсету және отбасын әлеуметтік қорғау салаларында балалар мүддесіне қатысты мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; 4) зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, қорлауға (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағандарды анықтауға қатысу; 5) өз құзыреті шегінде мобильді топтардың жұмысына қатысу; 6) өңірде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру қызметі; 7) білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру, балалар топтарын автокөлікпен (автобустармен) тасымалдау кезінде қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету бойынша талдау және мониторинг жүргізу; 8) Психологиялық қолдау орталығы, Қорғаншылық және қамқоршылық орталығының қызметтерін үйлестіру; 9) Психологиялық қолдау орталығының қызметін әдістемелік сүйемелдеу, психологиялық көмек көрсетудің біртекті тәсілдерін әзірлеу және енгізу; 10) Психологиялық қолдау орталығы қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізу және талдау; 11) Психологиялық қолдау орталығы қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; 12) білім беру ұйымдарындағы психологтар мен әлеуметтік педагогтардың қызметінің тиімділігіне мониторинг пен талдау жүргізу; 13) диагностика қорытындысы бойынша анықталған суицидтік ниеті, буллинг, зорлық-зомбылық белгілері бар, сондай-ақ көмек сұрап өз бетінше жүгінген балаларды психологиялық сүйемелдеумен қамту барысына, сондай-ақ мектептер мен колледждердің психологиялық қызметтері жұмысының тиімділігіне мониторинг және талдау жүргізу; 14) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің жұмыс істеу қағидалары мен жылдық жұмыс жоспарларын келіседі және олардың орындалуына мониторинг жүргізу; 15) өмірлік қиын жағдайға тап болған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға психологиялық көмек көрсету жөніндегі шаралардың іске асырылуын үйлестіру және мониторингін жүзеге асыру; 16) психологиялық дағдарыс жағдайында қалған балаларға және олардың отбасыларына шұғыл психологиялық көмек көрсету жүйесін үйлестіру және оған мониторинг жүргізу; 17) бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражаттар есебінен балалардың мүддесінде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу; 18) балалардың құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету; 19) балалардың құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен, басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; 20) зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке (буллингке), кибербуллингке және балалар құқықтарының басқа да бұзылуына ұшыраған немесе куә болған балаларға көмек көрсету барысын талдау жасау және мониторингтеу; 21) Тараз қаласы мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының, білім бөлімдерінің және білім беру ұйымдарының балалар еңбегін пайдалануға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру және мониторинг жүргізу; 22) Тараз қаласы мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының, білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының балалар саудасы фактілерін жою, адам саудасынан зардап шеккен балалардың құқықтарын қорғауды және қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметін үйлестіру және мониторин жүргізу; 23) балалардың қадағалаусыз, панасыз қалуына қарсы іс-қимыл жасау, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және профилактика мәселелері бойынша Тараз қаласы мен аудандардың жергілікті атқарушы органдардың, білім бөлімдерінің және білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіру, мониторинг жүргізу; 24) қылмыстық процесте балалардың, соның ішінде заңмен қайшылыққа түскен балалардың, сондай-ақ зорлық-зомбылық құрбаны болған және куәгері атанған балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау жөніндегі қызметті үйлестіру; 25) қылмыстық процесс барысында құқықтық қолдаумен балаларды қамтамасыз ету; 26) балаларды – зорлық-зомбылық құрбандары мен куәгерлерін – қылмыстық іс жүргізудің барлық кезеңінде құқықтарын қорғауға қолдау көрсету; 27) балалар құқықтарының қылмыстық салада бұзылу фактілерін ерте кезеңде анықтау және оларға жедел әрекет ету жүйесін ұйымдастыру; 28) балалар құқықтарының қылмыстық процесс барысында бұзылу жағдайларын тіркеу және талдау жүргізу арқылы алдын алу шараларын әзірлеу; 29) балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен буллингке қарсы ұлттық ақпараттық науқан жүргізу; 30) кәмелетке толмағандарға қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді, олардың өзара іс-қимылын ұйымдастыруды және мониторинг жүргізуді жүзеге асыру; 31) облыстың аудандары мен қалаларының білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларды асырап алуға, қорғаншылыққа, қамқоршылыққа, патронатқа, асырап алушы отбасына, қонақжай отбасына және кәсіби асырап алушы отбасына беру және орналастыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру, мониторинг жүргізу; 32) қорғаншылықта (қамқоршылықта), патронаттық тәрбиеде, асырап алушы отбасыларда және кәсіби асырап алушы отбасыларда жүрген балалардың жағдайын бағалау және қажетті көмек көрсету мақсатында кемінде алты айда бір рет оларға тұрақты барып тұру арқылы мониторинг пен бағалау жүргізу; 33) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға арналған ұйымдардың қызметін үйлестіру және мониторинг жүргізу; 34)қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың, Тараз қаласының, аудандардың білім бөлімдерінің, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға ниет білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қызметін үйлестіру; 35) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, оларды міндетті жұмысқа орналастыру мониторингін жүргізу; 36) Жамбыл облысының әкіміне өңірдегі балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы баяндаманы дайындау; 37) өз құзыреті шегінде балалардың құқықтарын қорғау саласының түрлі аспектілеріне зерттеулер жүргізу; 38) өңірдегі «Балалардың әл-ауқат индексі» көрсеткішіне жыл сайынғы мониторинг жүргізу; 39) балалардың құқықтарын қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындайтын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық-консультациялық және әдістемелік қолдау көрсету; 40) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Тараз қаласының және аудандық комиссияларының қызметіне мониторинг жүргізу; 41) су айдындарында суға бату, биіктіктен құлау (оның ішінде терезелерден), тамақтан улану, электр тоғының соғуы, өрт, жол-көлік оқиғалары және басқа да себептер бойынша балалардың жарақаттануы мен балалармен жазатайым оқиғалардың қауіпсіздігі мен алдын алу жөніндегі жұмысты үйлестіру және мониторинг жүргізу; 42) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарында (өтініштерінде, шағымдарында), сұрау салуларында, ұсыныстарында, пікірлері мен хабарламаларында көтерілетін жүйелі проблемаларды талдауды, мониторингтеуді жүзеге асыру және оларды анықтау; 43) өңірдегі балалардың мүдделері мен қажеттілігін ескере отырып, жаңа құрылымдар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын оңтайландыру бойынша облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізу; 44) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен, сондай-ақ олардың өңірлердегі өкілдерімен, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен, үкіметтік емес ұйымдармен және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. 45) балалардың құқықтарын қорғау саласында жергілікті мемлекеттік басқару мүддесі үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін және оған қайшы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асыру; 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері 16.Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдарға тағайындалатын және лауазымдарынан босатылатын орынбасарлары болады. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері: 1) Басқарманың қызметін ұйымдастырады және оған басшылық етеді; 2) Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады; 3) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді; 4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді; 5) Басқарманың бөлімдерінің ережелерін бекітеді; 6) өз құзыреті шегінде Басқарма құрылымына кіретін мекемелер мен ұйымдардың, соның ішінде бөлімдердің барлық қызметкерлері үшін орындалуы міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді; 7) өз қызметкерлерінің, құрылымдық бөлімшелер басшыларының және Басқарма жұмыскерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың лауазымды тұлғалары мен өзге де жұмыскерлерін, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен басшыларының орынбасарларын жұмысқа қабылдайды және лауазымдарынан босатады; 9) ведомстволық бағынысты ұйымдардың бас бухгалтерлерін лауазымға тағайындауға және лауазымынан босатуға келісім береді; 10) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма жұмыскерлеріне және басқа да қызметшілерге көтермелеу шараларын, ал қажет болған жағдайда тәртіптік жазалар қолданады; 11) Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі және мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырған біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарынан өтуін қамтамасыз етеді; 12) ішкі еңбек тәртіптемесін белгілейді; 13) Басқарма мүлкіне билік етеді, шарттар жасасады, сенімхаттар береді; 14) банктік шоттар ашады, мәмілелер жасайды; 15) облыс әкімі мен әкімдігінің тапсырмалары мен актілерін орындайды; 16) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады; 17) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді және оларды қабылдауды жүзеге асырады; 18) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарының сақталуына бағытталған шараларды қабылдау бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді; 19) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді; 20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады. Басқарманың бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарманың мүлкі меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі: «Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Тараз қаласының балалардың құқықтарын қорғау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Байзақ ауданының балалардың құқықтарын қорғау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл ауданының балалардың құқықтарын қорғау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жуалы ауданының балалардың құқықтарын қорғау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қордай ауданының балалардың құқықтарын қорғау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Меркі ауданының балалардың құқықтарын қорғау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мойынқұм ауданының балалардың құқықтарын қорғау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Талас ауданының балалардың құқықтарын қорғау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Тұрар Рысқұлов ауданының балалардың құқықтарын қорғау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Сарысу ауданының балалардың құқықтарын қорғау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шу ауданының балалардың құқықтарын қорғау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасының «Облыстық психологиялық қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасының «Облыстық қорғаншылық және қамқоршылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

    Жарияланды:
    Ереже

    Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасының балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және мониторингтеу бөлімі ЕРЕЖЕСІ

    Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасының балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және мониторингтеу бөлімі ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер Жамбыл облысы әкімдігі балалардың құқықтарын қорғау басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және мониторингтеу бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасының құрылымдық бөлімі болып табылады. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады. Бөлім өз қызметі барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы», Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң Әдеп кодексі, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрықтарын, Басқарма басшысының бұйрықтарын және де осы Ережені басшылыққа алады. Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары 2.1. баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 2.2. балаларды кемсітуге жол бермеу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; 2.3. балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін нығайту, сондай-ақ бұзылған жағдайда олардың құқықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу. 2.4. заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға; 2.4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлімнің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге; 2.5. өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарауға; 2.6. кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де іс-шаралар өткізуге; 2.7. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 2.8. кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 2.9. кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді; 2.10. арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалтуға қатысады; 2.11. кәмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырады; 2.12. кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтарға немесе қоғамға жат іс-әрекеттерге тарту фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізеді; 2.13. кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ұйымдардың қызметін үйлестіреді. 2.14. балалардың құқықтарын қорғау саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етеді; 2.15. балалардың құқықтарын қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады және мониторинг жүргізеді; 2.16. өңірдегі балалардың жағдайы туралы жыл сайын талдамалық ақпарат (баяндама) дайындайды; 2.17. балалардың құқықтарын қорғау саласында зерттеулер мен талдаулар жүргізеді; 2.18. білім беру ұйымдарында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырады; 2.19. балалар еңбегін пайдалануға қарсы іс-қимыл, балалар саудасының алдын алу және оған қарсы күрес бойынша мониторинг жүргізеді; 2.20. қадағалаусыз және панасыз қалған балалардың, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша шараларды үйлестіреді; 2.21. Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен, үкіметтік емес ұйымдармен және өзге де мүдделі органдармен өзара іс-қимыл жасайды; 2.22. қиын өмірлік жағдайдағы кәмелетке толмағандарды есепке алу және профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырады; 2.23. балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың, буллингтің және суицидтің алдын алу жөніндегі іс-шараларды үйлестіреді; 2.24. жыныстық қол сұғушылықтың, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша жұмыстарды үйлестіреді; 2.25. білім беру ұйымдарындағы психологтар мен әлеуметтік педагогтердің қызметін үйлестіреді; 2.26. зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмағандарға көмек көрсетуді ұйымдастырады; 2.27. балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді; 2.28.балаларға арналған әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға қатысады; 2.29. кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және балаларды қолдау орталықтарының жұмысын мониторингтейді; 2.30. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру 3.1. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді. 3.2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады. 3.3. Бөлімнің басшысы құрылымдық бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады. 3.4. Бөлім басшысы: Бөлімдегі мамандардың қызметі мен міндетін айқындайды; Бөлімнің ағымдағы және перспективалы жоспарларын құрады және орындалуын ұйымдастырады; Басқарма басшысына бөлім қызметкерлерін марапаттау жөнінде ұсыныс береді; Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша есептер мен ақпараттар әзірлейді. 3.5. Қазақстан Республикасының Заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады. 3.6. Қазақстан Республикасының заңнамалары мен Басқарманың ережесіне сәйкес өзге де қызметтерді атқарады.

    Жарияланды: