Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасының балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және мониторингтеу бөлімі ЕРЕЖЕСІ

    Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы

    Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасының

    балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және мониторингтеу бөлімі

    ЕРЕЖЕСІ

    1. Жалпы ережелер
    1. Жамбыл облысы әкімдігі балалардың құқықтарын қорғау басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және мониторингтеу бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасының құрылымдық бөлімі болып табылады.
    2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
    3. Бөлім өз қызметі барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы», Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң Әдеп кодексі, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрықтарын, Басқарма басшысының бұйрықтарын және де осы Ережені басшылыққа алады.
    1. Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары

    2.1. баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

    2.2. балаларды кемсітуге жол бермеу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

    2.3. балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін нығайту, сондай-ақ бұзылған жағдайда олардың құқықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу.

    2.4. заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

    2.4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлімнің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;

    2.5. өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарауға;

    2.6. кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де іс-шаралар өткізуге;

    2.7. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

    2.8. кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

    2.9. кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді;

    2.10. арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалтуға қатысады;

    2.11. кәмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырады;

    2.12. кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтарға немесе қоғамға жат іс-әрекеттерге тарту фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізеді;

    2.13. кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ұйымдардың қызметін үйлестіреді.

    2.14. балалардың құқықтарын қорғау саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;

    2.15. балалардың құқықтарын қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады және мониторинг жүргізеді;

    2.16. өңірдегі балалардың жағдайы туралы жыл сайын талдамалық ақпарат (баяндама) дайындайды;

    2.17. балалардың құқықтарын қорғау саласында зерттеулер мен талдаулар жүргізеді;

    2.18. білім беру ұйымдарында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырады;

    2.19. балалар еңбегін пайдалануға қарсы іс-қимыл, балалар саудасының алдын алу және оған қарсы күрес бойынша мониторинг жүргізеді;

    2.20. қадағалаусыз және панасыз қалған балалардың, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша шараларды үйлестіреді;

    2.21. Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен, үкіметтік емес ұйымдармен және өзге де мүдделі органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

    2.22. қиын өмірлік жағдайдағы кәмелетке толмағандарды есепке алу және профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырады;

    2.23. балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың, буллингтің және суицидтің алдын алу жөніндегі іс-шараларды үйлестіреді;

    2.24. жыныстық қол сұғушылықтың, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша жұмыстарды үйлестіреді;

    2.25. білім беру ұйымдарындағы психологтар мен әлеуметтік педагогтердің қызметін үйлестіреді;

    2.26. зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмағандарға көмек көрсетуді ұйымдастырады;

    2.27. балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

    2.28.балаларға арналған әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға қатысады;

    2.29. кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және балаларды қолдау орталықтарының жұмысын мониторингтейді;

    2.30. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

    1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

    3.1. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

    3.2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

    3.3. Бөлімнің басшысы құрылымдық бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

    3.4. Бөлім басшысы:

    Бөлімдегі мамандардың қызметі мен міндетін айқындайды;

    Бөлімнің ағымдағы және перспективалы жоспарларын құрады және орындалуын ұйымдастырады;

    Басқарма басшысына бөлім қызметкерлерін марапаттау жөнінде ұсыныс береді;

    Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша есептер мен ақпараттар әзірлейді.

    3.5. Қазақстан Республикасының Заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    3.6. Қазақстан Республикасының заңнамалары мен Басқарманың ережесіне сәйкес өзге де қызметтерді атқарады.

    Жүктеу
    ПОЛОЖЕНИЕ об отделе обеспечения защиты прав детей и мониторинга Управления по защите прав детей акимата Жамбылской области
    ПОЛОЖЕНИЕ об отделе обеспечения защиты прав детей и мониторинга Управления по защите прав детей акимата Жамбылской области
    DOCX · 19 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ереже

    «Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

    «Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1-тарау. Жалпы ережелер «Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық...