Қарақия аудандық мәслихатының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19 бабы 6-тармағына сәйкес, комиссия мүшесін өз өтініші негізінде міндетінен босату бойынша Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясының «№159 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу туралы» 2026 жылдың 30 шілдедегі №233 қаулысын негізге ала отырып, аудандық мәслихат учаскелік сайлау комиссиялары бойынша бос орындар жөнінде төмендегідей хабарлама береді:
№159 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша – 1 орын.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2026 жылдың 31 шілде мен 14тамызын қоса алғанғадейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының құрамына кандидатура туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссиясының құрамына кандидатты ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініші.
Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың толтыратын өтініштері мәслихат сайтында (сайлау комиссиясы бөлімінде) орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер назарына!
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 10 бабына сәйкес 2026 жылдың 14 тамызына дейінгі мерзімде Қарақия ауданы бойынша сайлау комиссияларына кандидатураларды ұсыну қажеттілігін хабарлаймыз.
Құрық ауылы, Ш.Уалиханов көшесі, 15-1.
Анықтама телефондары: 8/72937/21255.
Қарақия аудандық мәслихаты.




