Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының
кезектен тыс қырық екінші сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының қырық екінші сессиясы 2026 жылы 18 тамыз күні сағат 11:00-ге Жетібай ауылы Өнер мектебіне шақырылсын.
Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық екінші сессиясының қарауына мына мәселелер енгізілсін:
- Қарақия аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 34/279 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Қарақия аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 30/324 «Қарақия ауданы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қарақия аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/94 «Қарақия аудандық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.



