Жаңа оқу жылына дайындық аясында қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру және жолаушылар тасымалының жайлылығын қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Шаһар басшысы Нұржан Ахатов «Автобус паркіне» арнайы барып, қоғамдық көлік қызметінің жұмысына зерделеу жүргізді. Қала әкімі әрбір автобустың ішкі және сыртқы тазалығын күнделікті бақылауда ұстау қажеттігін атап өтіп, бағытқа шығар алдында автобустарды жуу, дезинфекциялау және салондарды тиісті талаптарға сай ретке келтіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді тапсырды. Қазіргі таңда «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-не қарасты үлкен сыйымдылықтағы автобустар қалалық бағыттар бойынша қызмет көрсетуде. Бағыттардағы автобустардың қозғалыс интервалы орта есеппен 12-15 минутты құрайды. Көліктердің техникалық жағдайы күн сайын тексеріліп, ақауы анықталған жағдайда қызмет көрсетуден босатылып, орнына резервтік автобус жіберіледі. Бүгінде қалаішілік жолаушылар тасымалын қамтамасыз етуге күн сайын 260 автобус жолға шықса, жаңа оқу жылының басталуымен қоғамдық көлікке түсетін жүктеме едәуір артады деп болжануда. Осыған байланысты 25 тамыздан бастап қалаішілік автобус бағыттары күшейтілген режимде жұмыс жасайды. Әсіресе, оқу орындары орналасқан аумақтардағы жолаушылар ағыны ескеріліп, автобустардың қозғалыс интервалы барынша қысқартылады. Сонымен қатар, қозғалыс кестесінің қатаң сақталуы қамтамасыз етіледі. Қала әкімі жауапты сала басшыларына оқушылар мен студенттердің сабаққа уақытылы әрі қауіпсіз жетуін қамтамасыз етуді тапсырып, «Біздің басты міндетіміз – балаларымыздың мектепке қауіпсіз барып-келуін қамтамасыз ету. Автобустардың кешігуіне немесе салондардың таза болмауына жол берілмеуі тиіс», – деді. Жаңа оқу жылы қарсаңында қоғамдық көлік қызметінің сапасы, автобустардың техникалық және санитарлық жағдайы, қозғалыс интервалы мен кестенің сақталуы тұрақты бақылауда болады.
Қоғамдық көлік жұмысы күшейтіледі
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

Әрбір төртінші жағдайда москит торы себеп болған: Астанада мамандар балалардың терезеден құлауына байланысты ата-аналарға ескерту жасады
Астана қаласының әкімдігіАшу
Қылқаламмен құлпырға Астана: суретшілер елорданың көрікті жерлерін бейнеледі
Астана қаласының әкімдігіАшу
Польша Парламентінде ортақ тарихи мұра мен Қазақстан–Польша қатынастарының даму перспективалары талқыланды
Ашу
Жалпыұлттық аза тұту күні
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіАшу
25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болады
Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы ЕлшілігіАшу
"Қызылорда қаласының әкімдігі" жаңалықтары

Көпқабатты тұрғын үйлердің жылу маусымына дайындығы тексерілуде
Қызылорда қаласының әкімдігіАшу
Қызылорда қаласын аяқсумен қамту мәселелері қаралды
Қызылорда қаласының әкімдігіАшу
Жолдағы қауіпсіздік – басты талап
Қызылорда қаласының әкімдігіАшу
Жол және жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
Қызылорда қаласының әкімдігіАшу
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асырудың негізгі бағыттары белгіленді
Қызылорда қаласының әкімдігіАшу