Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды

    1 / 3

    Бүгін қала әкімі Нұржан Ахатов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту, қоғамдық көлік қатынасы, коммуналдық қызметтер және жұмыспен қамту мәселелерін көтерді.

    Қала әкімі әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берді. Айта кету керек, тұрғындарды қабылдау барысында көтерілген мәселелер қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралып, кезең-кезеңімен шешімін табуда.

    Кезекті қабылдау барысында да тұрғындар көтерген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ бірқатар өтініштің орындалу мерзімі белгіленді.

    Айта кетейік, тұрғындар қала әкімінің жеке қабылдауына eGov порталы, «e-Otinish» бірыңғай платформасы арқылы немесе әкімдікке жазбаша өтініш беру арқылы жазыла алады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда қаласының әкімдігі" жаңалықтары