Павлодар облысында мыңнан астам тұрғын ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды

    ·
    Павлодар облысында мыңнан астам тұрғын ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды

    Жыл басынан бері Павлодар облысында мыңнан астам тұрғын ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
    Олардың әрқайсысына қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. Аталған бап қоғамға құрметсіздік танытумен сипатталатын әртүрлі құқыққа қарсы әрекеттердің кең ауқымын қамтиды.
    – Мәселен, Павлодар қаласындағы М. Жүсіп көшесінде серуендеп жүрген азамат темекісін шегіп болған соң тұқылын тротуарға тастап, қоғамдық орынды ластаған. Бұл құқық бұзушылықты байқаған тұрғындар полицияға хабарлаған. Ал тағы бір павлодарлық қоқыс салынған пакетті арнайы контейнерге апармай, белгіленбеген жерге тастаған. Құқық бұзушыларға қатысты полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салды, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінде.
    – Мұндай құқық бұзушылықтардың жолын бастапқы кезеңде кесу – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі кепілі. Себебі кейбір азаматтардың өзіне бәрі рұқсат деген түсінігі уақыт өте келе анағұрлым ауыр құқық бұзушылықтарға алып келуі мүмкін. Сондықтан әрбір азамат өз көз алдында орын алған, тіпті болмашы құқық бұзушылыққа да бейжай қарамай, дереу полицияға хабарлауы қажет. Қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана қамтамасыз ете аламыз, – деп атап өтті полиция ведомствосында.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары