Жыл басынан бері Павлодар облысының жолдарында көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған үш мыңнан астам жүргізушінің жолын полиция кесті

    - Көлік жүргізу мен телефон арқылы сөйлесу немесе онлайн байланыста
    болу – бір-бірімен үйлеспейді. Мұндай сәтте жүргізуші тек өзін ғана емес, айналасындағыларды да қауіпке ұшыратады. Алайда тәжірибе көрсеткендей, көптеген жүргізушілер қауіпсіздік үшін смартфоннан бас тартуға дайын емес.
    – Мәселен, Павлодар қаласында М.Жүсіпов көшесінде полиция қызметкерлері көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесіп отырған жүргізушіні тоқтатты. Ер адам өз кінәсін мойындап, маңызды қоңырау болғанын, сондықтан жауап беруге мәжбүр болғанын түсіндірді. Мұндай жағдайларда ұялы телефон арқылы сөйлесу немесе хабарлама теру жүргізуші үшін басты міндетке айналып, ал көлік құралын басқару екінші орынға түседі. Аталған құқық бұзушылық үшін көлік жүргізу кезінде сөйлескен азаматқа айыппұл төлеуге тура келді, – деп атап өтті Павлодар облысының полиция департаменті.
    Егер сізге қоңырау түсіп, шұғыл түрде жауап беру қажет болса, көлікті қауіпсіз жерге тоқтаған жөн немесе қолды пайдаланбай телефонмен сөйлесуге мүмкіндік беретін арнайы гарнитураны қолдануға болады.
    Павлодар облысының полициясы жүргізушілерді ғана емес, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерді де қозғалыс кезінде смартфон пайдаланудан бас тартуға шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары