
Павлодар облысының полицейлері тәулік бойы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Жыл басынан бері павлодарлық полицейлер көлік құралын мас күйінде басқарудың мыңнан астам, нақтырақ айтқанда, 1049 фактісінің жолын кесті, - деп хабарлайды Павлодар облысының Полиция департаменті.
Барлық құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік істер қозғалып, материалдар облыстың әкімшілік соттарына жолданды.
Мәселен, Ермак көшесіндегі үйлердің бірінің маңында полиция қызметкерлері «Audi A6» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Құжаттарды тексеру барысында тәртіп сақшылары жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болуы мүмкін екенін байқаған. Полицейлердің күдігі медициналық куәландыру нәтижелерімен расталды.
Анықталғандай, ер адамға көлік басқаруға мүлде болмайтын. Себебі 2025 жылдың қазан айында Павлодар қаласының әкімшілік соты оны көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырған.
Полиция департаменті еске салады: жол қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауды кешірмейді. Жол қозғалысы ережелерін сақтау, өзара құрмет пен әрбір жүргізушінің жауапкершілігі жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі шарттары болып қала береді.







