Туған жер тазалығы – ортақ жауапкершілік

    Туған жер тазалығы – ортақ жауапкершілік

    «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Жарқамыс ауылдық округінде кең көлемді санитарлық-тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

    Арнайы құрылған жұмыс топтарының қатысуымен елді мекеннің сай-салалары мен қоныс маңындағы аумақтар тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, айналаны абаттандыру бағытында жұмыстар жүргізілді.

    Тазалық шаралары қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, ауылдың көркеюіне және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

    Туған жердің тазалығы – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Табиғатты аялап, тазалықты бірге сақтайық!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Байғанин ауданының әкімдігі" жаңалықтары