
2026 жылдың 24 шілдесінде Қонаев қалалық кітапханасының ғимаратында, Әділет департаментінің қызметшілеріне «Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» мәселелеріне арналған дәріс өткізілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Дархан Нұртілеуұлы Мухамедияровтың және Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Жамбыл Асадинұлының қатысуымен өтті.
Кездесу барысында мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу шаралары қаралды. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі парасаттылығы, ашықтығы және жеке жауапкершілігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар заңдылық қағидаттарын нығайтуға, қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыруға және мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын қалыптастыруға ықпал етеді.









