Ашық есік күні!

    Ашық есік күні!

    Заң және тәртіп — әділетті қоғамның негізі!

    2026 жылғы 29 қыркүйекте, Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Алматы облысы Әділет департаменті «Ашық есік күні» акциясын өткізді.


    Іс-шара барысында азаматтарға тегін құқықтық кеңес алу, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша түсіндірме алу, сондай-ақ әділет органдарының қызметі мен өз құқықтарын қорғау тетіктері туралы толық ақпарат алу мүмкіндігі берілді.
    Іс-шара барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Акцияға Қонаев қаласының Көпсалалы колледжінің студенттері шақырылып, олармен әділет органдарының заңдылықты қамтамасыз етудегі, азаматтардың құқықтарын қорғаудағы және «Заң және тәртіп» қағидатын нығайтудағы рөліне арналған кездесу өткізілді.


    Осындай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға деген құрметті қалыптастыруға және өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін дамытуға ықпал етеді.

    Заң және тәртіп — әрқайсымыздың жауапкершілігіміз. Өз құқықтары мен міндеттерін білу — оларды қорғаудың алғашқы қадамы!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Әділет департаменті" жаңалықтары