МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРЕТІН ЗАҢ КӨМЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

    МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРЕТІН ЗАҢ КӨМЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

    Алматы облысы Әділет департаменті мен Алматы облыстық адвокаттар алқасының қатысуымен адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
    Іс-шара барысында азаматтарға білікті заң көмегін ұйымдастыру және көрсетуге қатысты өзекті мәселелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етудің практикалық аспектілері талқыланды.
    Бірыңғай білікті заң көмегінің цифрлық жүйесіне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға жүйенің негізгі мүмкіндіктері, оны қолдану тәртібі, сондай-ақ заң көмегін көрсету процестерін цифрландыру мәселелері түсіндірілді.
    Дөңгелек үстел аясында құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері және әділет органдары мен адвокаттар қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру жөнінде сындарлы пікір алмасу өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Әділет департаменті" жаңалықтары