
2026 жылғы 30 қыркүйекте Алматы облысы Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі Алматы облысының нотариустарының қатысуымен ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында ресми құжаттарға апостиль қою тәртібіне, тиісті мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктеріне, сондай-ақ нотариустардың қызметінде туындайтын практикалық мәселелерге қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Қазақстан Республикасының құжаттарға апостиль қою саласындағы заңнама талаптарын сақтау және халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар өз пікірлерімен алмасып, туындаған мәселелерді талқылады және апостиль қоюдың практикалық аспектілері бойынша қажетті түсіндірмелер алды.








