Мемлекеттіккорпорация ХҚКО-дандайынқұжаттардыжеткізуқызметінкеңейтеді
«Азаматтарғаарналғанүкімет»мемлекеттіккорпорациясы»дайынқұжаттардыХҚКО-данжеткізусервисіқолжетімдіболатынмемлекеттікқызметтердіңтізімінкеңейтіпжатыр.Алдағыбірайішіндеқызметтерқатарынажылжымайтынмүліктітіркеу,заңдытұлғалардытіркеужәнетарату,сондай-ақбілімберусаласындағыжекелегенмемлекеттікқызметтерқосылады.БұлазаматтарғадайынқұжаттардыалуүшінХҚКО-ғақайтабармай,олардыкөрсетілгенмекенжайданқабылдауғамүмкіндікбереді.
Бүгінде 15 мемлекеттік қызмет түрі бойынша дайын құжаттарға тапсырыс беруге болады. Олардың қатарында мұрағаттық анықтамалар беру, баланың тууын және некені бұзуды тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді қалпына келтіру және куәліктерді қайта беру, білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру, сондай-ақ ресми құжаттарға апостиль қою қызметтері бар.
Құжаттарды жеткізу сервисіне тапсырысты мемлекеттік қызметті рәсімдеу кезінде беруге болады. Сервис ақылы негізде көрсетіледі. Республикалық маңызы бар қалаларда, яғни Астана, Алматы және Шымкентте қызмет құны 2 061 теңгені, ал басқа өңірлерде 1 036 теңгені құрайды.
Құжат дайын болған кезде қызмет алушының телефон нөміріне 1414 нөмірінен бірегей растау коды көрсетілген SMS-хабарлама келеді. Қауіпсіздік мақсатында кодты курьерге құжатты алған сәтте хабарлау қажет. Код дайын құжаттың тікелей өтініш берушінің өзіне табысталғанын растау үшін қолданылады. Сонымен қатар құжатты алу кезінде жеке куәлікті көрсету қажет.
Мемлекеттік корпорация үшін цифрлық сервистерді дамыту және мемлекеттік қызметтерді азаматтарға барынша қолайлы форматта ұсыну негізгі бағыттардың бірі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы азаматтардың уақытын үнемдеуге, қызмет алу үдерісін жеңілдетуге және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи шешімдерді одан әрі енгізуді жалғастырады.




