Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    ·
    Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Департаменттің №1 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімімен белгіленген кесте бойынша 2026 жылғы 15-17 шілдеде Қазалы, Жалағаш және Сырдария аудандарында көшпелі куәландыру жүргізу барысында ДКК төрағаларының, медициналық мекемелер дәрігерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, медициналық ұйым дәрігерлеріне ҚР Премьер- Министрінің орынбасары- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.23ж. №260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу Қағидалары» бойынша медициналық- әлеуметтік сараптаманы жүргізу тәртібіне қатысты түсіндірме, №1 МӘС бөлімінің 6 айлық қорытындысымен мүгедектік көрсеткіштеріне талдау жасалды. Сырттай проактивті қызмет көрсету көрсеткіштері бойынша талқылау жүргізіліп, дәрігерлердің сұрақтарына жауап берілді.

    Сонымен қатар, Медициналық- әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының 15 қосымшасы «Сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) жүргізілетін нозологиялық нысандар тізбесіндегі» 15 нозологиялық нысандар бойынша ескертулер жасалып, нұсқаулар берілді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары