Жарияланымдар ізімен: демалыс күндері ЖБО камералары мас күйдегі төрт азаматты анықтады

    Жарияланымдар ізімен: демалыс күндері ЖБО камералары мас күйдегі төрт азаматты анықтады

    Өткен демалыс күндері Жетісу облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтарды тіркеді. Анықталған деректердің қатарында қоғамдық орындарда мас күйде жүрген төрт азамат болды.

    Барлық құқық бұзушылықтар бейнебақылау жүйесінің көмегімен дер кезінде анықталды. Ақпарат түскен бойда оқиға орындарына полиция жасақтары жедел жіберіліп, құқық бұзушыларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

    ЖБО-ның бейнебақылау жүйесі тәулік бойы қоғамдық тәртіпті бақылауға, жедел жағдайды қадағалауға, келіп түскен хабарламаларға шұғыл ден қоюға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік беріп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келеді.

    Жетісу облысы Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті сақтау және заң талаптарын орындау – әрбір азаматтың міндеті екенін еске салады. Кез келген құқыққа қайшы әрекет полиция қызметкерлерінің тұрақты бақылауында болады және міндетті түрде заң аясында тиісті құқықтық баға беріледі.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары