Егер сізге телефон арқылы ақша аударуды талап етсе

    ·
    Егер сізге телефон арқылы ақша аударуды талап етсе

    Соңғы уақытта алаяқтар зейнеткерлерді жиі алдап жүр. Олар өздерін банк, полиция, зейнетақы қоры, емхана, байланыс операторлары немесе мемлекеттік органдардың қызметкері ретінде таныстырады.
    Олар - зейнетақыны қайта есептеу немесе ұзарту, емханаға электрондық кезекке тіркеу, байланыс немесе интернет қызметін ұзарту, жеңілдіктер, өтемақылар немесе жәрдемақылар рәсімдеу сияқты сылтауларды пайдаланады.
    Олардың мақсаты – сізден SMS арқылы келген кодты айтқызу, ақша аудартқызу немесе несие рәсімдету.
    Есте сақтаңыз:
    • Ешкімге SMS арқылы келген кодты, банк картасының деректерін және құпиясөздерді айтпаңыз.
    • «Қауіпсіз шотқа» ақша аудармаңыз. Ондай шот жоқ.
    • Бейтаныс адамдардың айтуымен несие рәсімдемеңіз.
    • Осындай талаптармен қоңырау шалынса, әңгімені бірден тоқтатыңыз.
    • Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын жақындарыңызбен ақылдасыңыз немесе ұйымның ресми нөміріне өзіңіз қайта қоңырау шалыңыз.
    Ақтөбе облысының Полиция департаменті тұрғындарды егде жастағы туыстарымен алаяқтықтың алдын алу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырады. Бір ғана ескерту олардың өмір бойы жинаған қаражатын сақтап қалуы мүмкін.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары