Атырау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Оңал Бекеев «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында аулаларда жүргізілген түсіндіру жұмыстарымен танысты.


Тәртіп сақшылары балалармен кездесіп, жол қозғалысы ережелері, ауладағы қауіпсіздік және сақтық шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Қауіпсіздік – өздеріңнен және ауладағы тәртіптен басталады», – деді өңірдің бас полицейі балаларға.

Заңды құрметтеу мен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет!